KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Қатты жел салдарынан бірнеше көше тұрғындары жарықсыз қалды – Өскемен

Фото: caspianlife.kz

11.01.2024, 10:08 245 Ләззат Қанатқызы

Кеше соққан қатты жел салдарынан облыс орталығының бірнеше көшесінде электр қуаты үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.

«БЭСК» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, арнайы бригада бірден жұмысқа кіріскен. Қазіргі уақытта  электр энергия қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Қазіргі сәтте жөндеу жұмыстары Солнечная көшесінде жүргізіліп жатыр. Басқа көшелерде электр желілері қалпына келтірілді, - дейді «БЭСК» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Мирный ауданында, Ескі Согра, Жыланды кентінде, Степное ауылы, Шәкәрім даңғылы, Пристань шағын ауданы, Ахмер, Красин кенті және Шмелев Лог кентінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив