KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Елімізде карбонды полигондар құрылмақ

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 15:30 38 Төлеуғазы Жансая

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» ұлттық заңнамаға карбонды полигон құруға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі inform.kz порталына сілтеме жасап.

— Жергілікті атқарушы органдар өз өңірлерінде орман питомниктерін құрып, ағаш көшеттерінің жерсініп кетуін қамтамасыз етсін. Экология министрлігі карбонды полигондар жобаларын іске асыру үшін тиісті заңнамалық түзетулер әзірлесін.  Экология және Цифрлық даму министрліктері стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін еліміздің аумақтарын ғарыштық мониторингпен қамтуды және мерзімді тексеруді ұлғайтсын, — деді Олжас Бектенов.

Карбон полигоны деген — бірегей экожүйеге арналған аумақтар. Бұл аумақтар топырақ пен өсімдіктердің, аумақта тіршілік ететін жан-жануардың қоршаған көмірсутек газының әсеріне, агрохимиялық өзгерістерге бейімделуін зерттеп, ең тиімді тәсілдерін әзірлеу үшін құрылады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Экология министрлігіне жергілікті әкімдіктермен бірге қоршаған ортаға тасталатын шығарындыларды қадағалайтын автоматты қондырғыларды жылдамдатып орнатуды тапсырды. 

— Мәдениет, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру саласындағы тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін, — деді Премьер-министр.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу