Газбен қамтуға қатысты арыз-шағым көп – Олжас Бектенов
фото: primeminister.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықты газбен қамтуда сапалы қызмет көрсету қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
«Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағым келіп түсіп жатыр. Тиісті мекемелер бірінші кезекте, халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. Туындаған проблемаларды дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылып жатыр», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Премьер-Министр газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отырғанын айтты.
«Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырамын», - дейді О.Бектенов.