Өскемендік оқушы Катар университетіне қабылданды
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «А» сыныбының оқушысы Әлия Қожасейітова тамаша нәтижеге қол жеткізіп, Катардағы Нортвестерн университетіне қабылданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ол университетке түсу үшін өзінің академиялық қабілеттерін көрсетіп, IELTS емтиханынан 8.0 балл, SAT емтиханынан 1430 балл жинаған. Бұл – өте жоғары көрсеткіш және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін өте маңызды.
Нортвестерн университеті – әлемдегі танымал жоғары оқу орындарының бірі, АҚШ-та орналасқан. Ол жоғары деңгейлі академиялық бағдарламаларымен, ғылыми зерттеулерімен және үздік оқытушыларымен белгілі. Университет инжиниринг, экономика, медицина, журналистика, құқық, өнер және қоғамдық ғылымдар саласында мықты білім беру бағдарламаларымен танымал.
Катарда Нортвестерн университетінің кампусы бар. Дохада орналасқан бұл филиал - медианың, коммуникацияның және басқа да қоғамдық ғылымдардың халықаралық деңгейде сапалы білім беретін бірегей оқу орны. Катардағы Нортвестерн университеті – әлемнің ең үздік университеттерінің бірі және Катардағы топ-10 оқу орындарының қатарына кіреді.
Әлияның таңдаған мамандығы – журналистика. Бұл сала – қазіргі заманда өте маңызды әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі.
Нортвестерн университетінің Катардағы филиалы жоғары деңгейде білім берумен қатар, студенттерге халықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Әлия халықаралық деңгейде білім алып, өзінің журналистика саласындағы мансабын дамытуды көздейді.
Айжанат Бақытқызы