KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

ҰБТ: Катонқарағайдағы ең жоғары балл – 126

Суретте: Назерке Хайролқызы

9.07.2024, 12:49 259 Ержан Әбіш

Катонқарағай ауданында биыл 6 оқушы мектепті «Алтын белгіге», 15 оқушы «Үздік аттестатқа» бітіріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, биыл 110 мектеп түлегі ұлттық біріңғай тестілеу тапсырды.

Бірқатар оқушы жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болған. Мәселен, Аршаты мектебінің түлегі Ділназ Түркістанова Шығыс Қазақстан университетінің грантын иеленді.

Жыл бойы республикалық олимпиадаларға қатысып, үздік нәтижеге қол жеткізген Катонқарағай ауылындағы С. Ластаев атындағы мектептің оқушылары Меруерт Сайранбекқызы мен Дина Қайратқызы да жоғары оқу орындарының грантына ие болды. Меруерт ШҚУ-да информатика, Дина Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде лингвистика мамандығы бойынша білім алады.

Ал, Аққайнар орта мектебінің түлегі Назерке Хайролқызы ұлттық біріңғай тестілеуде 126 балл жинады, бұл – аудандағы үздік көрсеткіш.

 Серік Абай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу