Шемонаиха аудандық ауруханасының қабылдау бөлімі жаңартылды
Шемонаиха аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұрын күніне 40-қа дейін науқас екі тар бөлмеде қабылданса, бүгінде жағдай айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңартылған бөлімде науқастарды қабылдау бір жүйеге келтірілді. Мұнда өз еркімен келгендер де, учаскелік дәрігерлердің, терапевттердің, педиатрлар мен тар бейінді мамандардың жолдамасымен келгендер де қабылданады. Сондай-ақ жедел жәрдем арқылы жеткізілгендерге де алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
Любовь Ивановнаның медицина саласында 45 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол учаскелік дәрігер, жедел жәрдем қызметкері, «Уба» шипажайының маманы болып жұмыс істеген. Соңғы үш жылда қабылдау бөлімін басқарып келеді.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында қабылдау бөлімінде күрделі жөндеу жүргізіліп, кеңейту жұмыстары жасалған. Сонымен қатар, Triage жүйесі енгізілді. Бұл жаңашылдық аудандық ауруханаға келген науқастар үшін үлкен қолайлылық сыйлады. Қабылдау бөлімінің ашық түстермен безендірілуі пациенттердің көңіл күйін көтеріп, олардың тыныштығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жаңартылған жағдай медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.