KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Көкпекті ауданында «денсаулық керуені» жолға шықты

Көкпекті аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен
Көкпекті аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен
4.02.2024, 09:05 284 Назерке Каримова

Медицина мамандары шалғайдағы ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп, кеңес береді.

Көкпекті аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені осы аптада Үлгілімалшы және Тассай ауылдарында болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Медициналық көшпелі бригаданың құрамына хирург, невропатолог, фтизиатр, акушер-гинеколог, онколог-маммолог, терапевт дәрігерлер мен окулист, ЛОР медбикесі, рентген-зертханашы бар.

- Жылжымалы медициналық кешен барлық қажетті жабдықтармен жабдықталғандықтан, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарында флюорография, ЭКГ, УДЗ, көру, есту, скринингтік тексеруден өту, сондай-ақ өз елді мекенінен шықпай-ақ медициналық мамандардан кеңес алу мүмкіндігі бар, - деп хабарлады Көкпекті аудандық ауруханасының баспасөз қызметі. - Екі күн ішінде 200-ден астам адам қаралды, олардың 20-сы аудандық аурухана деңгейінде қосымша тексеруге жіберілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив