ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді (Видео)
ШҚО-дағы өзендерде мұз жарып жатыр. Бұл жұмыстар көктемгі сең жүру кезінде кептеліске жол бермейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Глубокое ауданында су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында Глубочанка өзенінің сағасында мұз жару жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараны жергілікті атқарушы органдар мен арнайы мамандандырылған ұйым жүзеге асырды. Жалпы 3232 шаршы метр аумақта мұз жарылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Мамандар алдымен өңірдегі қауіпті орындарды анықтап алған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз