Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
![](/kz/uploads/posts/2025-02/b3312529-fbf9-41c3-8950-4446fdcdfdf0.webp)
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
1. Сабыр сақтаңыз, үрейге берілмеңіз!
2. Лифт пен баспалдақты қолданбаңыз. Қауіпсіз орын тауып, дүмпудің аяқталуын күтіңіз.
3. Жиһаздан, терезелерден, шамдардан алшақ тұрыңыз.
4. Қауіпсіз жерге жасырынуға тырысыңыз. Егер жоғарғы қабатта болсаңыз, негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына тұрыңыз.
5. Ғимараттан қауіпсіз шығыңыз. Егер көпқабатты үйде болсаңыз, жер сілкінісі аяқталғаннан кейін ғана сыртқа шығыңыз.
6. Кетер алдында суды, газды және электр қуатын өшіріңіз.
7. Алдын ала дайындалған «дабыл сөмкесін» алыңыз.
8. Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз.
9. Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз. Олар негізгі жер сілкінісінен кейін орын алуы мүмкін.
10. Қарт адамдарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Алдын ала сақтық шараларын қабылдау – өміріңізді сақтап қалудың басты кепілі.
ШҚО ТЖД