KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

Жерсілкінісі кезінде не істеу керек?

Фото: lavozdelaestacion.cl

23.01.2024, 12:20 103 Айна Ескенқызы

Алғашқы дүмпулерді сезінген сәттен бастап қауіпті ауытқуларға дейін сізде 15-20 секунд бар. Ғимараттан тез шығыңыз. Далаға шыққанда  ғимараттардан, биік ағаштардан, электр желілерінен аулақ, ашық жерде болыңыз.

Егер сіз көлікте болсаңыз, көліктен шықпаңыз, дүмпулер басылғанша көлікте отырыңыз, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО ТЖД сайтына сілтеме жасап.

 

 

Егер сіз ғимараттан шығып үлгермесеңіз, онда  салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды таңдаңыз: ішкі қабырға, бұрыш немесе тірек. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыныңыз - ол сізді құлайтын заттардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өз денеңізбен жабыңыз. Тербелістер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығуға тырысыңыз.

 

 

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса - ұялы телефоннан "112" барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөміріне хабарласыңыз.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен сағат түнгі он екіде жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпулері Астана, Шымкент қалаларында да сезілді.

 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу