KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Күршім ауданында жер сілкінісі болды

13.07.2023, 09:10 3 746 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат 6.00-де Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді.

Эпицентрі Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Күршім ауданында магнитудасы 2 балл болатын жер дүмпулері сезілді.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде өте сақ болып, тез арада ғимараттан шығу керектігін еске салады.

Егер көшеде болсаңыз, биік ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен аулақ болыңыз.

Көлікте отырсаңыз тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.

  Ғимараттан шығып үлгермеген жағдайда қауіпсіз саналатын орындарға жасырыныңыз: қабырғаның, тіректердің бұрышына немесе мүмкін болса үстелдің астына. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден "112" арнасына хабарлаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив