Алтай қаласының оқушылары халықаралық чемпионатта топ жарды (видео)
Алтай қаласының №7 орта мектебінің оқушылары Алматыда өткен «Almaty Tech Cup 2025» халықаралық чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Робототехника, инженерия және дрон жарыстары бойынша өткен байқауға 400-ден астам команда, 3000-ға жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Алтай» командасы (Руслан Исмагилов, Рамиль Жангелдинов, Тимофей Щепин, Кирилл Макаров, Тимур Черных, Роман Потанин) «Бағдарламаланатын дрондар» номинациясында үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, олар «Innovation Award» (Инновациялық марапат) жүлдесін жеңіп алды. Жүлдегерлерге дронға арналған радиобасқару пульті мен түрлі естелік сыйлықтар табысталды.
Одан бөлек, 11-сынып оқушылары Тимур Черных пен Роман Потанинге Turan University мен Energo University-де грантпен оқу мүмкіндігі берілді.
Чемпионатқа қатысқан оқушылар үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Олар жаңа идеялармен шабыттанып, білімдерін одан әрі шыңдауға мүмкіндік алды.