KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
478.96 533.03 5.22

ШҚО ІТ-чемпионатында қай ауданның оқушылары жүлдегер атанды?

26.03.2024, 19:11 109 Жанаргүл Мұқатай

Облыста жыл сайын ұйымдастырылатын 10+ және 14 + жас санаттары бойынша «Бағдарламалау», «3D модельдеу», «Робототехника» біліктіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» чемпионаты өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іріктеу кезеңіне барлығы 185 командадан 1000-нан астам оқушы қатысты. Облыстың қалалары мен аудандарының 16 командасы үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бағыттарында жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша «3D-модельдеу» номинациясынан 10+ санаты бойынша бірінші орынды Риддер қаласының, ал 14+ санаты бойынша Зайсан ауданының командасы иеленді.
 «Бағдарламалау» номинациясынан 10+ санаты бойынша Алтай ауданының оқушылары бірінші орын алды, ал 14+ санаты бойынша «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» командасы ең мықты деп танылды.
 «Спорттық робототехника» номинациясы бойынша 10+ жас санатында «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг»  біліктіліктері бойынша «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» командасы алдыға шықты.
 «Спорттық робототехника» номинациясынан 14+ жас санатында «Кегельринг квадро», «Танк биатлоны» біліктіліктері бойынша Өскемен қаласының командалары жеңімпаз атанды.
10+ жас санатындағы жалпы командалық есепте Алтай ауданының, Өскемен және Риддер қалаларының құрама командалары жүлделі орындарды иеленді.
14+ жас санатындағы жалпы командалық есепте Өскемен қаласының, Ұлан ауданының,  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» құрама командалары алғашқы орындарға ие болды.
Оқушылар осы жылдың мамыр айында өтетін жыл сайынғы «New generation» 11-ші облыстық IT-фестивалінде бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталмақ. Барлық балаларға сертификат табысталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив