Өскеменде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр
Қыс басталғалы бері Өскемен көшелерінен 147 900 текше метрден астам қар шығарылды. Көктайғаққа қарсы құм мен сулы-тұзды ерітінді қолданылуда. Сонымен қатар тасқынның алдын алу мақсатында арықтарды кеңейту және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскеменде коммуналдық қызметтер қар тазалау және аялдама павильондарын тазартуды күшейтілген режимде жүргізуде. Қаладағы жол жағдайы тәулік бойы бақылауда.
Ауа райына байланысты күн сайын 45-тен 85-ке дейін арнайы техника жұмыс істейді. Қыс басталғаннан бері көше мен жолдардан 147 900 текше метрден астам қар шығарылды.
Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолындағы көктайғақпен күресу үшін коммуналдық қызметтер құм мен сулы-тұзды ерітіндіні пайдаланады.
Сонымен қатар арықтарды тазарту жұмыстары жүруде. «Өскемен су арнасы» МКК өкілі Андрей Рыбиннің айтуынша, қазір мамандар арықтардың арнасын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Тартылған техника толық көлемде жұмыс істейді.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі