KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік: 10 маңызды қадам

Pexels.com

8.03.2025, 09:20 977 Төлеуғазы Жансая

Жер сілкінісі – алдын ала болжау мүмкін емес табиғи құбылыс. Сондықтан кез келген адам осындай төтенше жағдайға дайын болуы керек. ШҚО ТЖД өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін төмендегі 10 қарапайым ережені есте сақтау қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

1. Сабыр сақтаңыз. Жер дүмпуі кезінде үрейге берілмеңіз, жағдайды бағалап, салқынқандылық танытыңыз.  
2. Лифт пен баспалдақтарды қолданбаңыз. Олар құлап, зақымдалуы мүмкін.  
3. Жиhаздан, терезеден, ауыр заттардан алыс тұрыңыз. Мұндай заттар құлап, жарақаттауы мүмкін.  
4. Қауіпсіз орын табыңыз. Үйдің жоғарғы қабаттарында болсаңыз, негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз.  
5. Ғимараттан шығуға асықпаңыз. Егер төменгі қабаттарда болсаңыз, ашық жерге шығыңыз, ал көпқабатты үйде жер сілкінісі тоқтаған соң ғана сыртқа шығыңыз.  
6. Газ, су және электр қуатын өшіріңіз. Өрт немесе жарылыс қаупінің алдын алыңыз.  
7. Дабыл сөмкесін алыңыз. Алдын ала қажетті заттарыңыз (құжаттар, дәрі-дәрмек, су, азық-түлік, шам) салынған төтенше жағдай сөмкесін дайындап қойыңыз.  
8. Ашық жерге шыққанда сақ болыңыз. Ғимараттардан, электр сымдарынан, ағаштардан алыс болыңыз.  
9. Алдын ала дайын болыңыз. Жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйреніп, отбасы мүшелеріне түсіндіріңіз.  
10. Көмек көрсетіңіз. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жәрдем беруді ұмытпаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу