Шығыста қар жауып, боран соғады

pexels.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 12 наурызда облыс аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде аймақ бойынша қар жауып, күндіз Шығыс Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар осы өңірлерде бұрқасын болжанып отыр. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскемен қаласында да түнде қар жауып, бұрқасын соғады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Ауа райы нашарлаған жағдайда, қауіпсіз жерлерге – жақын маңдағы елді мекендерге, жанармай құю бекеттеріне, жол бойындағы кафелерге немесе ұйымдастырылған автотұрақтарға тоқтауға кеңес беріледі.