KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Ертең ШҚО-да қолайсыз ауа райы күтілуде

pexels.com

Бүгін, 18:30 42 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметіне сәйкес, 13 ақпанда таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, облыстың батысы мен солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с болуы мүмкін, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД тұрғындарды қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шығудан бас тартуға шақырады. Ауа райы нашарлаған жағдайда, қауіпсіздік үшін елді мекендерге, жанармай құю бекеттеріне, жол бойындағы кафелерге немесе ұйымдастырылған автотұрақтарға тоқтауға кеңес беріледі.Желдің қатты екпіні кезінде ғимарат ішінде болған жөн. Үйлердің қабырғалары, аялдамалар, жарнама тақтайшалары мен ағаштардың астында жасырыну қауіпті. Үзілген сымдар мен ілініп тұрған құрылымдарға жақындамау қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу