KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
502.83 545.37 5.95

Тарбағатайда «Әжелер QUIZI» зияткерлік сайысы өтті

Кеше, 12:30 83 Әбішев Ержан

Наурыз мерекесі қарсаңында Тарбағатай ауданы ерекше рухани мазмұнға толы, ұлттық болмысымызды ұлықтайтын бірегей іс-шарамен атап өтті. Аудан көлемінде дәстүрлі «Әжелер QUIZI» интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл байқау – даңқты ұстаз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиеті мен әдістемесінің жарқын тұлғасы Қанипа Оралқызы Бітібаева атындағы ауыспалы кубок үшін өткізіледі. Биылғы сайыс – аталмыш жобаның жетінші мәрте өткізілуі.

 

«Әжелер QUIZI» алғаш рет Қанипа апайдың туған ауылы Жетіаралда бастау алған еді. Бүгінде бұл ұлттық таным мен тәлім-тәрбиеге негізделген жобаның аясы кеңейіп, аудан әкімінің қолдауы және өнер жанашырларының демеушілігімен жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Сонымен қатар жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеуімен, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауымен республика көлемінде танымал бола бастады.

Биылғы ойын барысында ақ кимешек киген әжелер өздерінің зеректігі мен тапқырлығын, ұлттық дәстүрлер мен тарихқа деген терең білімін көрсетті. Сайысқа ауданның әр өңірінен келген 14 команда, 150-ге жуық әже мен ата қатысты. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, әжелердің қоғамдағы рөлін айшықтау, немере тәрбиесімен айналысатын үлкен буын өкілдеріне рухани серпіліс сыйлау болды.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлде Жетіарал ауылынан келген «Хан Апа» әжелер ансамбліне бұйырды. Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов, облыстық мәслихат депутаты Болат Нұрпейісов арнайы құттықтап, байқаудың тәрбиелік және ұлттық маңызын ерекше атап өтті.

«Әжелер QUIZI» – ұлттық киімдерімізді, оның ішінде ақ кимешектің сәндік нұсқаларын дәріптейтін, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттайтын, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосатын бірегей зияткерлік алаңға айналып келеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу