Тарбағатайлық ата-әжелер QUIZ ойнады
Бүгін Тарбағатайда 130 ата-әже қатысқан интеллектуалды “Наурыз QUIZ” ойыны өтті.
Жаңаталап ауылында өткен зияткерлік сайысқа әр ауылдан 13 команда жиналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ойын барысында қатысушылар Көрісу дәстүрін көрсетіп, жарапазан өлеңін айтып, ауылды әуезді әнге бөледі.
Ойын қорытындысы бойынша бас бәйгені Жетіарал ауылының “Хан апа” командасы қанжығалады. Маңырақтан келген “Ұлпан” командасы 1 орынды, Жаңаталап ауылының “Айгерім” командасы 2 орынды иеленсе, Құйған ауылынан келген “Айшабибі” командасы 3 орынға жайғасты.
Өзге командаларда ойыннан құр қол қайтқан жоқ. Интеллектуалды ойынға қатысқан басқа командаларға арнайы дайындалған Наурыз сыйлығы тарту етіліпті.
Айта кету керек, Тарабағатайда дәстүрге айналған бұл ойын ендігі кезекте Маңырақ ауылында ұйымдастырылмақ.