Тарбағатай ауданында алып қыз дүниеге келді
Наурыз мейрамы қарсаңында Тарбағатай аудандық ауруханасында 9 сәби дүние есігін ашты. Жаңа туған нәрестелерді шығарып салу рәсімі ұлттық нақышта өтті – сәбилерге ұлттық киімдер кигізіліп, ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сәбилерді ұлттық киіммен шығарып салу – бұл аурухананың жақсы дәстүріне айналған. Соңғы бірнеше жылда мұнда Наурыз мерекесінде дүниеге келген балалардың өмірге келуін отбасылар үшін шынайы қуаныш пен маңызды оқиғаға айналдыруға мән беріліп келеді.
Ерекше назарға іліккен нәресте – салмағы 5 келіге жуық болған қыз. Ата-анасы оған ерекше есім берді – Бегімай.
Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы