KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Катонқарағайда Наурыз мейрамы сән-салтанатымен тойланды

22.03.2025, 15:30 193 Төлеуғазы Жансая


Катонқарағай төрінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен атап өтілді. Көктемнің шуақты мерекесі ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар бастап шыққан салтанатты шеруден басталды.   

Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары – Заттыбек Көпбосынұлы, Райм Уайыс, Медет Көжекбаев, Айдын Алдархан және IDEA тобы әсем әндерін тарту етіп, мерекенің ажарын аша түсті.  

Осындай кең ауқымды той-думан аудан халқының ынтымағы мен бірлігін нығайтып, Наурыз мейрамының жаңару мен татулықтың символы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу