ШҚО-да көктемгі дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстары жүргізіледі

pexels.com
00:00
00:00
7 сәуір мен 5 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының эндемиялық аумақтарында кене энцефалиті мен туляремияға қарсы көктемгі дератизациялық және дезинсекциялық өңдеулер жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңдеу аймақтарында дезинфекциялық препараттар шашылып, кеміргіштерге қарсы родентицидті жемдер орналастырылады. Бұл шаралар қауіпті аурулардың таралуын болдырмауға және тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Өңдеу кезінде қолданылатын препараттар улы болғандықтан, келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: өңделген аймақтарда мал мен құсты жаюға болмайды, ара ұяларын шығаруға тыйым салынады, өңделген жерлердегі өсімдіктерді тағамға пайдалануға болмайды.
Азаматтар өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарға мүмкіндігінше жақындамауға тиіс. Өз қауіпсіздігіңізді сақтап, ескерту талаптарын орындауға шақырамыз,- делінген ресми хабарламада.
Азаматтар өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарға мүмкіндігінше жақындамауға тиіс. Өз қауіпсіздігіңізді сақтап, ескерту талаптарын орындауға шақырамыз,- делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз