KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Өскеменде көппәтерлі үйлердің подъездері дезинфекцияланады

27.03.2020, 07:50 268

Өскеменде көппәтерлі үйлердің подъездерінде дезинфекция жүргізілетін болды. Өңдеу жұмыстары үшін ПИК (КСК) қызметтеріне хлор қосылған тазартқыш заттар бөлінбек, деп хабарлайды Altaynews тілішсі.

Аталмыш шара коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Қалалық тұрғын үй қатынастры бөлімі 28-30 наурыз аралығында подъездерді өңдеу үшін дезинфекциялық заттар беретін болды.

Осы ретте қала әкімдігі барлық тұрғындарды дезинфекция жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады. Хлор қосылған дезинфекциялық заттарды ПИК қызметінен 31 наурызға дейін алуға болады. Ерітіндіні шыны, пластмас немесе эмальданған ыдыста жасауға болады. Ол үшін затты суға ерітіп, (10 литр суға - 1 таблетка) 5 минутқа қалдыру керек. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін арнайы киім қажет емес, тек дәкеден жасалған маска мен резеңке қолғап пайдалану керек. Сондай-ақ, ертіндімен өңдеу кезінде қарапайым шүберекті немесе бүріккішті қолдануға болады.

Баспалдақтың таянышы, есіктің тұтқалары, жарық сөндіргіштерін, пошта жәшіктерін, домофон клавишасы мен лифттерді өңдеу қажет. Мұндай дезинфекция аптасына 2-3 рет жасалуға тиіс.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу