ШҚО-да тұрғын үй ауласындағы ірі өрт сөндірілді
Өскемен қаласындағы СЦК Подхоз көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, шаруашылық құрылыстардан тұратын блок отқа оранған. Жалынның жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер өртті толық ауыздықтап, тұрғын үй мен көрші нысандарға таралуының алдын алды.
– Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қауіпті аймақтан үш газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және отпен абай болуға шақырады.
Оқи отырыңыз