Қазақ тілі мен әдебиетінен білім сайысы: 200-ге жуық оқушы бақ сынауда (видео)
Өскеменде қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген дарынды оқушылар бас қосты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған Қанипа Бітібаева атындағы дәстүрлі республикалық олимпиада өз жалауын көтерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биылғы білім додасы – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика майталманы Қанипа Омарғалиқызының 80 жылдық мерейтойына орайластырылған.
22-24 сәуір күндері өтетін сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен өңірлік кезеңнен іріктеліп өткен 9-11 сынып аралығындағы 200-ге жуық оқушы қатысуда. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндік білімін тереңдетіп қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті қадірлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отырған олимпиада екі кезеңнен тұрады:
– бірінші айналым – эссе жазу,
– екінші айналым – ауызша жауап.
Қатысушылар қазақ әдебиеті мен тілі бойынша білімдерін сынап, Қанипа Бітібаеваның ғылыми-публицистикалық еңбектеріне де шолу жасайды.
Ал облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев:
Олимпиада аясында оқушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама, жетекшілер үшін шеберлік сабақтары қарастырылған.
Фото/видео: Ермек Жиенбеков











