KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада қорытыланды – ШҚО

Фото: gov.kz

5.05.2023, 13:09 675

2-4 мамыр аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өткен. Байқауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және ШҚО білім басқармасы ұйымдастырған.

Байқауда елдің әр түкпіріндегі білім беру ұйымдарынан 169 оқушы бақ сынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ашылу салтанаты «Ертіс концерт» Орталық мәдениет сарайында өтті. Оған Оқу-ағарту министрлігінің өкілі қатысып, министр Ғани Бейсембаевтың ұйымдастырушылар мен қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзі оқылды.

Республикалық кезең эссе жазу және сұрақтарға ауызша жауап беру сынды екі турдан тұрды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша үміткерлердің білімі сыналды.

Қазылар алқасының құрамына ғалымдар, республикадағы үздік жоғары оқу орындарының оқытушылары кірді.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 81 жеңімпаз бен жүлдегер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен (I орын – 17 оқушы, II орын – 23 оқушы, III орын – 41 оқушы), 29 оқушы – «Ерекше жетістіктері үшін» Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар 2 жеңімпазға С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректорының және Шәкәрім атындағы Семей университеті ректорының гранты табысталды.

Қатысушылар жарысып қана қоймай, мәдени-танымдық білімін толықтырып, жетекшілер шеберлік сабағына қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив