Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде алғаш рет аталып өтуде
pixabay.com
Биыл елімізде алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде атап өтілуде. Бұл атаулы күн былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес белгіленген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, бұл күннің маңызын атап өтті.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Оқи отырыңыз