23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді
Фото: depositphotos.com
Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мерекелер тізіміне тағы біреуі қосылды:
23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Бұл жаңа мерекелік дата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.
Оқи отырыңыз