KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
509.51 570.6 6.3

Жаңа Ахмердегі әскери бөлімде ашық есік күні өтті

30.04.2025, 11:00 204 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Жаңа Ахмер ауылындағы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімде ерекше шара өтті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мұнда ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні Ұлан ауданындағы мектептерден 100-ден аса оқушы келіп, әскери өмірмен жақын танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараға Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бакимбаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Д. Мусин және аудан әкімінің кеңесшісі Н. Дюсембаев та қатысты.

Оқушылар әскери бөлім ішін аралап, Қасым Қайсенов атындағы мұражайды, казарманы, түрлі қару-жарақтарды, байланыс құралдарын көріп, сарбаздардың күнделікті тіршілігімен танысты.

Бұл шара балалар үшін үлкен әсер қалдырды. Олар әскери өмірді көзбен көріп, ел қорғаушылардың еңбегін түсінді. Ал ұйымдастырушылар үшін бұл – жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты сіңірудің бір жолы болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу