KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Батыр бабалардың ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран

6.05.2024, 18:31 107 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Бұл шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін қала мектептерінің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары мен колледж студенттері келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталмыш әскери бөлімге Қазақстанның Халық қаһарманы, халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті Қасым Қайсеновтың аты берілген. Жиналған көпшілік Халық қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

– Мамырдағы мерекелер қарсаңында әскери бөлімде ашық есік күнін өткізу дәстүрге айналған. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Мұндай шаралар сарбаз өмірінің ашықтығын көрсетіп, әскерилер мен бейбіт тұрғындар арасындағы байланысты нығайта түсуге ықпал етеді. Сондай-ақ сарбаздан өмірі туралы оң көзқарасты қалыптастыруға және олардың Отан қорғаудағы рөлін көрсетуге көмектеседі, - деді Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Азамат Жұмағазиев.

Бұл күні қаланың төрт мектебінен жиылған 200-ге жуық оқушыға оқу бөлмесі, әскери бөлімнің музейі, спорт кешені, қару жарақ пен казарма таныстырылды.

– Мен батыр атамыздың атына берілген мектепте білім алып жатырмын. Бүгін әскери өмірмен жақынырақ танысып, қару-жарақ және басқа да әскери құралдар туралы мағұлматқа қанықтық. Өзім үшін көп ақпарат алдым. Мұндай қызықты жиындар жиі өтіп тұрса дегенде тілегіміз бар, - дейді Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұршуақ Тұрсынбай.

Әскери бөлімнің мұражайында Қасым Қайсеновтің жеке фотосуреттері, кітаптары қойылған. Облыс әкімі мұражайға Шығыстан шыққан өзге де батырлар туралы ақпарат қоюды ұсынды.

– Мұражайға Ұлы Отан соғысының батыры Төлеген Тоқтаровтан бастап осы өңірден шыққан Отан соғысының батырлары туралы мәліметтер қоюды ұсынамын. Әскери бөлімге келушілер бұл жерден қаһармандарымыз жайында, олардың туып-өскен жері мен отбасы турасында ақпаратты көріп, білуі қажет, - деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив