KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да мектеп оқушылары әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

26.10.2023, 18:09 224 Ләззат Қанатқызы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылыған қарасы 27943 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өтті.

Тарбағатай, Алтай, Катонқарағай аудандарының 100-ге жуық мектеп оқушылары 27943 әскери бөлімінің бір күнімен танысу үшін Өскемен қаласына арнайы келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұрындары әскери өмірдің тыныс-тіршілігін тек әскери кинолардан көруге болатын, қазір Қарулы Күштердің беделін арттырып, әскери қызметті насихаттау мақсатында  әскери бөлімдерге жиі экскурсиялар жасалып тұрады. Мұндай экскурсиялардың нәтижелілігін Қарулы Күштер қатарында ерікті түрде, үлкен құлшыныспен келуші жас сарбаздардан байқауға болады.

- Әскери бөлімге келіп, мұндағы тәртіпті, сарбаздардың өмір сүру салтын, бір күндерін өз көзімізбен көріп, танысып қайттық. Еліміздің Қарулы Күштер қатарындағы бір жыл расымен өте пайдалы, қызықты және жаңа таныстықтарға, жаңа білімге, жаңа тәжірибеге толы болады екен. Мен Қарулы Күштер қатарына қосылып, сарбаз атанып, қолыма қару алып, өзімнің Отан алдындағы борышымды абыроймен өтегім келеді, - деді 5 сынып оқушысы Бұлан Бауыржан.

Экскурсия барысында оқушылар сарбаздардың бір күндік жаттығу жұмыстары, ұрыста ұйымдаса қимылдауы сынды әскери даярлықтарын тамашалады. Әскери бөлім барлық заманауи қару-жарақ үлгілерімен қамтылған. Бұдан басқа әскери техникалары да жеткілікті.

- Бұл біз ұйымдастырып отырған алғашқы «Ашық есік» күні емес. Соңғы рет мамыр айында Өскемен қаласының мектеп оқушылары келіп, әскери өмірдің бір күнімен танысып қайтты. Мұндай ашық есік күндерін біз Қару Күштердің абыройын арттырып, сарбаздардың өмірі туралы ел арасында дұрыс пікір қалыптастыру, әскери өмірге деген қызығушылықты арттыру үшін өткіземіз. Келген оқушылар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, әскери бөлімдегі тәртіпті, қару-жарақтарды көзбен көріп, қолмен ұстай алады, - деп атап өтті 27943 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Азамат Джумағазиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив