KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Оқушылар әскери бөлімді аралап, тыныс-тіршілігін біліп қайтты - ШҚО

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

10.10.2023, 12:01 174

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне қарасты 97683 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өтті.

Осыған орай Алтай қаласындағы мектептердің оқушылары әскери бөлімді аралап, әскерилердің өмірі туралы мәлімет алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара әскери қызметкерлер мен сарбаздардың беделін өсіру, жастарды әскер қатарына қосылуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған.

– Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әскери бөлімнің тыныс-тіршілігін көрсетіп, жас буынды патриотизмге тәрбиелеу. Мектеп оқушылары әскери бөлімді аралап қана қоймай, сарбаздардың бір күнін бастан өткергендей болды.Сарбаздардың жататын, тамақтанатын, жаттығатын, сабақ оқитын орнын көрді. Әскери қару-жарақты көріп, ұстау мүмкіндігіне ие болды, – дейді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Дидар Габбасов.

Қызметкерлер оқушыларға әскерде оқытылатын пәндер туралы мағлұмат беріп, әскери техниканы қолдану тәртібін көрсетті.

                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив