KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
503.9 603.32 6.61

Алаяқтан сақ болайық: ШҚО полицейлері жаңа тәсілді іске қосты

14.05.2025, 09:00 487 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері киберқылмыстың алдын алуға бағытталған ерекше жобаны іске қосты. Енді сүт өнімдерінің қаптамаларында «Алаяқтардан сақ бол» деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

QR-кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар ШҚО полиция департаментінің ресми парақшасына өтіп, интернет алаяқтарынан қорғануға көмектесетін маңызды ақпаратпен таныса алады.

– Біздің мақсатымыз – қауіп жөнінде әрбір отбасыны хабардар ету. Біз күнделікті тұтынылатын өнімдер арқылы әрекет етудеміз. Бұл – қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсіл, – деді ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дамир Камалханов.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалмауға көмектеседі. Жоба аясында QR-кодтар басқа да күнделікті тауарларға енгізілуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу