KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО тұрғындары жерасты дүмпуін сезінді

25.05.2025, 08:00 287 Төлеуғазы Жансая

25 мамырда сағат 07:35-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ресей аумағында болған жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің координаттары: солтүстік ендік бойынша 50.320°, шығыс бойлық бойынша 88.020°. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алдын ала есептеулер бойынша, дүмпу күшінің қарқындылығы келесі деңгейде сезілді:

Өскемен қаласында – 2 балл
Катонқарағай ауылында – 2 балл

Жер сілкінісі салдарынан қирау немесе зардаптар туралы ақпарат тіркелмеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай әлсіз дүмпулер адам денсаулығына қауіпті емес, алайда сейсмикалық бақылаулар тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу