Ауданда денсаулық сақтау саласы жүйелі жаңғыруда
Үлкен Нарын ауданында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасалуда. Сырқаттың алдын алып, дер кезінде диагноз қойып, сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жаңа технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында былтыр аудандық ауруханаға жалпы құны 467 миллион теңге болатын компьютерлік томограф, холтерлік мониторинг аппараты мен басқа да заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.
Аудан әкімі Елдос Байрахметовтың айтуынша, биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 109 миллион теңгеге жылжымалы рентген-маммографиялық кешен мен 79 миллион теңгеге заманауи цифрлық маммограф сатып алу жоспарланған.
ШҚО әкімдігінің көшпелі отырысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов та әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне назар аударды.
Қабылданып жатқан бұл нақты шаралар – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірдегі қоғамдық денсаулық деңгейін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.
Айна Бакимбаева



