ШҚО-да ұлттық жоба аясында 10 мектеп салынады
Фото: shko.akim.official
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа "Қолжетімді және сапалы медициналық көмек" бағыты бойынша "Дені сау ұлт" Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" және "Жайлы мектеп " ұлттық жобаларының іске асырылу барысы таныстырылды.
"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында ШҚО-да жалпы құны 34 717,4 млн теңгені құрайтын 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев баяндады.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев "Жайлы мектеп" жобасын іске асыруда Білім министрлігімен өзара байланыса отырып әрбір нақты мектептің мүдделері мен өңірлік ерекшеліктерін ескеру қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ жиын барысында денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ШҚО әкімі жылжымалы медициналық кешендер жұмысының нақты тиімділігін бағалауды тапсырды.