KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Үлкен Нарындағы үш қазандық – үш тірек: Жылыту маусымы қалай өтті?

30.05.2025, 17:00 224 Айдос Мырзахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданында жұмыс сапарымен болып, әлеуметтік маңызы зор нысандарды аралады. Аймақ басшысы алдымен аудан орталығындағы жылу жүйесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде Үлкен Нарында ұзындығы 10,77 шақырымды құрайтын жылу желілерімен жабдықталған үш орталықтандырылған қазандық жұмыс істейді. Бірнеше жыл бойы күрмеуі тарқатылмаған күрделі мәселе – қазандықтардың тозуы еді. Бұл түйткіл 2024 жылы шешімін тауып, жылыту маусымына дайындық аясында барлық қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Қабылданған шаралар өз нәтижесін берді. 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымы тұрақты және апатсыз өтті. Қазандықтардың техникалық жай-күйі тұрақты бақылауға алынған, ал қызмет көрсетуші мекемелер толыққанды дайындықтан өткізілді, – деді облыс басшысы.

Сапар барысында Нұрымбет Аманұлы алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын ширата түсуді тапсырды. Энергетика инфрақұрылымының сенімділігі – халықтың өмір сүру сапасының тікелей кепілі екенін атап өтті.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу