Үлкен Нарында жылу қазандықтары жөнделіп жатыр
сурет көрнекілік үшін
Үлкен Нарын ауданының орталығында жылу беру маусымына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл Үлкен Нарында орталық қазандықтың екі жылыту агрегаты және аурухана мен колледж ғимараттарының қазандықтары жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 137 миллион теңге бөлінген. Жұмыс жоспарының елу пайызы орындалды.
«Атап айтқанда, №2 және №4 қазандықтардың экрандық құбырлары бөлшектеліп, отын беру бункері, электрмен жабдықтау жүйесі және қазандық ғимаратының кіреберісі жөнделді», - деп хабарлады ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасынан.
Жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталуға тиіс.
Оқи отырыңыз