KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Катонқарағай ауданы жылыту маусымына дайындығын пысықтауда

11.09.2024, 09:55 70 Қызырбек Дүргінбайұлы

Катонқарағай ауданының әкімі жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтап, қазандықтарды тексерді. Ол аудандағы жылу қазандығын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс барысымен танысып, тұрғындарды уақытылы көмірмен қамтамасыз етуді  жауапты мамандарғаа тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шекара шебіндегі шалғай аудандар үшін жылыту маусымына дайындықты ерте бастаудың маңызы зор.

 – 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Катонқарағай ауылында орталық қазандықты қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. Аталған жобаны жүзеге асырушы -  «Builder Gold» ЖШС мердігерлік компаниясы. Жоба бойынша қазандықтың орнатылған жылу қуаты 5,4 МВт, жылу энергиясын су жылыту режимінде жұмыс істейтін 3 қазандық өндіреді, қазандықтардың біреуі резервтік. Негізгі отын – қатты көмір, – делінген Катонқарағай ауданы әкімдігінің парақшасында.

Сондай-ақ аудан әкімі жауапты мекеме өкілдеріне тұрғындарды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету тапсырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив