KZ
Өскемен
-38°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

ШҚО: Үлкен Нарын ауылының тұрғындары қыстан қысылмай шықты

30.05.2025, 13:25 224 Жанаргүл Көкенайқызы

Шығыс Қазақстан облысында 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп, 1 мамырда аяқталды. Бұл кезең, әсіресе, Үлкен Нарын ауылының тұрғындары үшін ерекше есте қалды. Бұрынғы жылдары қыстан тоңып шығатын ауыл тұрғындары үшін биылғы маусым алғаш рет жайлы әрі тұрақты болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Үлкен Нарындағы көп жылдан бері өзекті мәселе – жылу тапшылығы еді. Алты жылдан кейін алғаш рет өткен күз-қыс маусымында ауыл тұрғындарының үйлеріндегі температура тұрақты түрде 26 градусты көрсетіп тұрды. Баспана жылылығы – 2024 жылы жүргізілген ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Былтыр аудан орталығындағы орталық қазандықтың екі жылу агрегатына, сондай-ақ аурухана мен колледж ғимараттарының қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Аудан әкімі Елдос Байрахметовтің айтуынша, биыл жылу желілерін жөндеуге 404 млн теңге бөлінген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда он есе көп қаражат.

– Бұл қаржы апатты учаскелерді жоюға, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау жүйесін кешенді түрде нығайтуға бағытталады. Қысқа дайындық барысында арнайы техника да сатып алынды. Осы шаралардың арқасында жылыту маусымы үзіліссіз өтті, тұрғын үйлерде қолайлы температура сақталды. Ауыл халқы алғаш рет қысты алаңсыз өткізді. Алайда жұмыс мұнымен аяқталған жоқ – биыл 21 шақырымдық жылу желілерін кешенді жаңғырту жоспарланып отыр, – деді аудан әкімі Елдос Байрахметов.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу