KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Келер жылы Өскеменде ядролық медицина орталығы ашылады

Фото: stock.adobe.com

14.06.2025, 12:30 263 Төлеуғазы Жансая

Елімізде ядролық медицина орталықтарының желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Ақтау мен Қызылорда қалаларында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Өскемен мен Ақтөбеде орталықтар салынатын орындар анықталды. Қарағандыда жобалық-сметалық құжаттама бекітілді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жоспар бойынша, Ақтау, Қызылорда және Ақтөбедегі орталықтар 2025 жылы, ал Қарағанды мен Өскемендегі орталықтар 2026 жылы іске қосылады.

Бұл орталықтарда қатерлі ісіктерді ерте анықтау және заманауи емдеу тәсілдері – таргеттік терапия, иммуно-онкологиялық препараттар, роботтандырылған хирургия, ПЭТ диагностикасы және радиофармпрепараттар – қолданылады.

Жаңа орталықтардың іске қосылуы онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға, тиімді емдеуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу