KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО: шетелдік қонақтар жаңа қауіпсіздік жүйесіне жоғары баға берді

16.06.2025, 18:30 284 Жанаргүл Көкенайқызы

 

Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік бірлесіп, облысқа келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа жүйені таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді өңірге демалуға келген қонақтар арнайы QR-код арқылы өз маршруттарын тіркеп, байланыс ақпаратын қалдыра алады. Мұндай QR-кодтар қонақүйлерде, туристік бағыттарда және визит-орталықтарда орнатылған. QR-кодты телефонмен сканерлеп, қайда, қай күні, қанша адаммен жолға шыққаныңызды және телефон нөміріңізді жазып жібересіз. Бұл ақпарат бірден ТЖД мамандарына түседі. Қажет жағдайда құтқарушылар шұғыл көмекке келе алады.

Саяхат аяқталған соң турист өзі тіркеуден шыға алады немесе құтқарушылар тарапынан бәрі дұрыс па деген бақылау қоңырауын күтуіне болады.

Бұл жүйе қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыс істейді. Фестиваль кезінде оны алғашқылардың бірі болып Германиядан келген қонақтар пайдаланып көрді. Олар қызметтің ыңғайлы әрі пайдалы екенін айтып, жоғары баға берді.

– Біз өзімізді қауіпсіз сезіндік, бәрі жақсы ұйымдастырылған, – деді неміс турист.

Ұйымдастырушылар да: «Біз үшін әр қонақтың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан мұндай жүйе – уақыт талабы» дейді.

Жаңа жүйе – туристер үшін сенімділік, құтқарушылар үшін нақты бақылау, ал өңір үшін қауіпсіз туризмді дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Фото: видеодан скриншот

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу