KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

Катонқарағайда түркі әлемінің үлкен мәдени мерекесі өтеді (видео)

11.06.2025, 19:00 324 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстанның көркем табиғат аясында, Катонқарағай ауылында ерекше мәдени шара өтпек. 14 маусым күні сағат 19:00-де ипподромда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыкалық фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұл үлкен шараны Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдап отыр. Фестивальдің басты мақсаты – түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын, тарихын және бауырластығын дәріптеу.

Фестивальге кімдер қатысады?

Сахнада еліміздің белгілі өнерпаздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында – «Музарт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абырой» және «Тұран» топтары бар. Сонымен қатар, шет елдерден де көптеген қонақтар арнайы шақырылған. Мысалы:

  • Түркия – Мұхаммед Әли Учар
  • Моңғолия – Сүбедей Самдын
  • Қырғызстан – Нұрайым Ақылбекова
  • Өзбекстан – Дильмұрад Гүлмұрадов
  • Ресей – Архан Уйгу (Саха), Алексей Ховалыг (Тува), Болот Байрышев (Алтай), DEFNE (Татарстан) және тағы басқа өнерпаздар келеді.

Фестивальде көрермендер дәстүрлі музыка мен билерді, этнографиялық қойылымдар мен тарихи көріністерді тамашалай алады. Әсіресе, фестивальдің басты сәті – Берел қорғанынан табылған қасиетті Штандарттың сахналық бейнеленуі болмақ. Бұл – түркі әлемінің тарихи бірлігін, мәдени байланысын көрсететін ерекше көрініс.

Барлығы төрт бөлімнен тұратын үлкен тарихи қойылым қойылады:

  • Терең тарихты Алтын Алтай
  • Алтай – құпиялар мен байлықтар қоймасы
  • Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі
  • Финал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу