Өскемен хайуанаттар бағы қала тұрғындары мен қонақтарын мерейтойға шақырады

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы аумағында орналасқан Өскемен қалалық хайуанаттар бағы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атаулы күнге орай сол жағалаудағы кешен 27 маусымда өтетін арнайы ойын-сауық бағдарламасын дайындап жатыр.
– Бұл күні хайуанаттар бағының аумағында «Красавчик» атты шотланд пониімен және тантамарескалармен (бетке арналған тесігі бар фотостендтер) фотоаймақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, алаңқайда балаларға ерекше ұнайтын «Қоян Степа және Ко» атты үй жануарлары көрмесі жұмыс істейді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының өкілдері.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз