KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Өскеменде татар халқының Сабантой мейрамы аталып өтеді

18.06.2025, 09:00 225 Әбішев Ержан

Өскемен қаласында татар халқының дәстүрлі Сабантой мейрамы кең көлемде тойланбақ. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, концерт тамашалап, түрлі сайыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекелік шара 21 маусым күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы аумағында басталады. Кіру - тегін. 

Бағдарламада татар этномәдени бірлестігінің концерті, халық ойындары, спорттық жарыстар, ұлттық тағамдар көрмесі, музыка, билер мен қызықты байқаулар жоспарланған.

– Жаздың ең жарқын мейрамы – Сабантойға шын жүректен шақырамыз! Бұл – жай ғана фестиваль емес, еңбексүйгіштіктің, достықтың және татар мәдениетінің рухын жеткізетін дәстүр, – деп мәлімдейді Өскемен қаласының әкімдігі.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу