KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Өскемендегі саябақтар демалыс күндері де жұмыс істейді

27.08.2020, 03:29 361

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының саябақтары енді демалыс күндері де жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сол жағалау кешені, Жамбыл және Қасым Қайсенов саябақтары алдағы демалыс күндері, яғни 29, 30 және 31 тамызда да ашық болады.

Енді мұражай-қорықтың барлық саябағы демалыс күндері жұмыс істейді. Хайуанаттар бағы қонақтарды асыға күтуде. Паровоздар бұрынғыдай жұмыс істеп тұр. Жамбыл атындағы саябақ қаланың ең кішкентай тұрғындарын балалар қалашығымен қуантады. Ал Қасым Қайсенов саябағында серуендей жүріп немесе көлеңкедегі орындықтарда көгалдар мен аллеялардың сұлулығына тамасана отырып демалуға болады, – деп мәлімдеді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив