Өскеменнің хайуанаттар бағындағы кейбір аңдар еркіндікке жіберілді
Сол жағалау саябағындағы бірқатар аңдар жабайы табиғатқа еркіндікке жіберілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бақтағы төрт марал мен үш теңбіл бұғы Сібе көлінің аумағындағы жерге еркіндікке жіберілді. Бұл учаскеде аң аулауға тыйым салынған. Онда жемшөп қоры да жақсы екен.Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан шаруа қожалықтары да қажет болған жағдайда жем беріп тұруға келісіп отыр.
Қазір хайуанаттар бағында 9 бұғы мен 7 марал қалған екен.