Отыз жыл отпен күрескен: Өскемендік құтқарушыны әріптестері құрметпен зейнетке шығарып салды
Өскемен қаласында 30 жыл бойы өртпен арпалысып, талай адамды аман алып қалған тәжірибелі құтқарушы – Денис Львов зейнетке шықты. Ол Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде көп жыл қызмет атқарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зейнетке шығару рәсімі Денис Львов алғашқы жұмысын бастаған бөлімшеде өтті. Әріптестері оны құтқарушылардың дәстүріне сай – сирена қосып, құрметпен шығарып салды. Бұдан кейін брандспойттан су шашып, соңғы сәтті ерекше етіп ұйымдастырды. Бұл рәсім – жылдар бойы жиналған өрттің күйесі мен түтінін жуып-шайғандай символдық мәнге ие.
Денис Львов – азаматтық қорғаныс подполковнигі. Қызметте жүріп, 30-дан астам адамның өмірін құтқарған, олардың ішінде 5 бала бар. Құтқарушы ретінде талай сын сағаттан сүрінбей өткен.
Ең есте қалған сәтін сұрағанда, ол алғашқы жұмыс күндерінің бірін еске алды:
Адал еңбегі мен батылдығы үшін бірнеше медальмен марапатталған Денис Львов енді құрметті демалыста. Әріптестері мен басшылық оған шын жүректен алғыс айтып, денсаулық пен амандық тіледі.




