KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Зейнеттегі құтқарушы бір адамды өрттен аман алып қалды – Семей

7.02.2020, 06:16 133

Оқиға 4 қаңтар күні кешкі сағат 20:21 шамасында Утепбаев көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. «Жақсы көрші – саяң» дегендей, өрт шыққан үйдің көршісі зейнеттегі құтқарушы екен. Өрт сөндіру қызметі келгенше Дүйсенбай ағамыз киімін киіп, қызметтегі мол тәжірибесі мен батылдығының арқасында лапылдап тұрған оттың ортасынан бір жанды аман алып қалыпты. Есігі жабулы тұрған үйге құтқарушымыз саты арқылы терезеден кіргенін айтады. Өрт сөндірушілер келгенше көршілері шелек-шелек су тасып, тіпті қызыл отты қармен де сөндіруге тырысыпты. Абырой болғанда бәрі дін аман. Ал қайғылы оқиғаның алдын алған Дүйсенбай Утепов 1978 жылдан бастап өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеп, 1997 жылы зейнетке шыққан. Тұрғындар зейнеткердің батылдығына тәнті болып, алғыстарын жеткізуде. Өрт сағат 20:50 кезінде ауыздықталды. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу