KZ
Өскемен
-29°
туман жел 1 м/с, З
512.16 594.72 6.57

«Қонақжай отбасы»: Оқушылар Катонқарағайдың мәдени мұрасымен танысты

25.06.2025, 19:30 240 Гульжан Мусина

«Қонақжай отбасы» жобасы аясында Өрел ауылының бір топ балалары Катонқарағай ауданының туристік нысандарына қызықты сапар жасап, өңірдің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға ерекше мүмкіндік алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жас қатысушылар өңірдегі танымал туристік орындар – «Мұзтау экоотелі», «Ясная поляна», «Сәкен-Нұр тур» және «Самай» демалыс базаларында болды. Сапар бағдарламасы белсенді демалысқа толы өтті, балалар атқа мініп серуендеп, көрікті соқпақтармен жүріп өтіп, Алтай табиғатының сұлулығына тәнті болды.

Саяхат барысында экологиялық және танымдық туризм бағыттарына ерекше мән берілді. Балалар көк шырша өсіру технологиясымен танысқан тәлімбаққа, сондай-ақ форель балығын өсіретін шаруашылыққа барды. Бұл кездесулер оларға табиғатпен үйлесімді өмір сүру мен ауыл шаруашылығын дамытудың жолдарын түсінуге көмектесті.

Сапардың ұмытылмас сәттерінің бірі сақ дәуіріне жататын Берел қорғандарына бару болды. Бұл тарихи-археологиялық ескерткіш республикалық маңызы бар мәдени мұра тізіміне енген. Қорық-музейде балалар ерекше археологиялық жәдігерлерді көріп, Алтай халықтарының тарихы мен дәстүрі туралы білімдерін кеңейтті.

Қатысушылардың айтуынша, бұл сапар олардың мәдени-танымдық көкжиегін кеңейтіп, жарқын әсер қалдырды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың туған өлке мәдениетіне, табиғатына және тарихына деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу